<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Жанат Кусаинова</author>
<lyrics>[V1]
 Қазағым Құдайдың сүйікті елі,
 Жайсаң жан, пейілі кең, жомарт жүрек.
 Исаны Тәңірім деп жарияланған,
 Мәңгілікке ие болдың сен Оған.

[C1]
   // Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай.
   Исаны қабыл алып азат елім.
   Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай,
   Сен қанатыңды жайып самға елім. //

[V2]
 Исаны құрбандыққа шалып Оны,
 Өмірді мағыналы етті Құдай.
 Әлемнің билеушісі бүгін саған,
 Құшағын ашып тұр елім, кел Оған.</lyrics>
<title>Елім-ай</title>
</song>